Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

686

Қазақстан мен Қытай шекарасында магнитудасы 4,7 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz ТЖМ сілтеме жасап.  

 Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді Фото: ult.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" сейсмикалық стансалар желісі 7 ақпанда Астана уақытымен таңғы сағат 8:45-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,2 және MPV магнитудасы - 4,7 болды.

Оқиғаның тереңдігі 15 шақырымды құрады, сезілуі туралы дерек жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу