Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан ақпаратта, бұл шектеуді "екі ел үкіметінің арасындағы келісімге сәйкес, Қытайда "Айдаһар қайықтары" мейрамының тойлануына байланысты" - делінген.
Осы атаулы күнге орай 22 маусым, яғни ертең, шекарадағы өткізу пункттерінде адамдар, көлік құралдары, жүк пен тауарлар өткізілмейді екен. Алайда, теміржолдық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істей бермек. Сол себепті көрші елге, ертең жол жүргісі келгендер бағыттарын алдын ала жоспарлағаны абзал.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу