Қазақстан мен Қытай су мәселесі бойынша келіссөз жүргізді

133

Тараптар екіжақты су ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Қытай су мәселесі бойынша келіссөз жүргізді Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ведомствоға сілтеме жасап.

Келіссөздер барысындағы басым бағыттың бірі –  трансшекаралық өзендерде су бөлу мәселесі. Ол үшін құрамына қос тараптың сарапшылары кіретін арнайы жұмыс тобы жасақталған. Басты мақсат – Іле-Балқаш бассейнін сумен тұрақты қамтамасыз ету, балық шаруашылығы мен туризмді дамыту болып саналады.

Су ресурстары және ирригация министрлігі алдағы уақытта ҚХР Су шаруашылығы министрлігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға ниетті.

Сонымен қатар тараптар Қазақстанның су инфрақұрылымын бірлесіп жаңғырту және автоматтандыру, су үнемдеу технологияларын әзірлеу мен енгізу, сондай-ақ Қытайда қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру мәселелерін талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу