Қазақстан мен Қытай тауар айналымының қарқынды өсімі байқалып тұр – Роман Скляр

214

"Осы кеңес - Қазақстан мен Қытай арасындағы тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды алаң".

Қазақстан мен Қытай тауар айналымының қарқынды өсімі байқалып тұр – Роман Скляр Фото: Kazinform

Қазақ-қытай ынтамақтастығы аясында 45 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы бүгін елордада Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Осы кеңес - Қазақстан мен Қытай арасындағы тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды алаң. Қытай – Қазақстанның басты стратегиялық сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі. Екі ел арасында сенім диалогы орнап, өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне қол жеткізілген. Былтыр Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда көлемі 30 пайыздан астам артып, рекордтық 41 млрд долларға жетті", - деді Р. Скляр.

Бұл тұрғыда ол осы жылы да тауар айналымының қарқынды өсімі байқалып тұрғанын айтты.

"Кейінгі 20 жылда Қытайдан Қазақстанға тартылған тікелей инвестиция көлемі 25 млрд долларға жуықтады. Қазіргі кезде Қазақстанда 4 мыңнан аса қытай капиталы қамтылған компания тіркелген. Мұнымен қоса, қазақ-қытай ынтамақтастығы аясында 45 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр", - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін аталған іскерлік кеңес аясында ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Қазақстан мен Қытай арасындағы жобаларға түсінік берді.

Форум барысында Қазақстан мен Қытай арасында 5,2 млрд доллар сомасындағы құжаттарға қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу