Қазақстан мен Қытай жүк ағынын арттыруға уағдаласты

609

Қазақстан мен Қытай жүк ағынын арттыруға уағдаласты

13 сәуір күні Пекинде "Қазақстан темір жолы" АҚ президенті Қанат Алпысбаев Қытай темір жолының бас директоры Лу Дунфу кездесіп, келіссөз жүргізді. Тараптар Қазақстан мен Қытай теміржол әкімшіліктері арасындағы "Нұрлы жол" бағдарламасы мен "Жібек жолы экономикалық белдеуі" бастамашылығының даму болашағын талқылады, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.

Қытайдан Еуропаға халықаралық жүк тасымалдауды дамытудың бес жылдық жоспары түзілген. Қазақстан – трансқұрлықтық транзитті тасымалдауды дамытуға белсенді қатысушы.

2015-2016 жылдың қорытындысы Қытайдан Еуропаға халықаралық контейнерлік тасымалдаудың бірнеше есеге артқаны байқалды.

2016 жылы 104,5 мың ЖФЭ-ге жетті. 2020 жылдары Қытай-Еуропа транзиттік контейнерлік тасымалын 800 мың ЖФЭ-ге жеткізу көзделіп отыр.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол көлігін пайдаланудың 2016 жыл мен биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы қаралды. Өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы 16,6 пайызға артып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 8 млн тоннаға артық болса, биыл бұл мөлшерді 10 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.

Келіссөздер нәтижесінде Қытай-Еуропа бағдарында контейнерлік пойызды ұйымдастыру, сонымен қатар 2017 жылы мамырдан бастап "Астана-Алтынкөл" бағдарымен "Тұлпар- Тальго" ЖШС вагондарынан жасақталған жүрдек жолаушылар пойызын ЭКСПО-2017 халықаралық көрме аясында ұйымдастыру келісіміне қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу