Қазақстан мен Қытайдың кедендік статистикасы 50%-ға сәйкес келмейді

913

 Қос мемлекет арасындағы сауда-саттық алшақтығы 6,9 млрд долларды құраған.

Қазақстан мен Қытайдың кедендік статистикасы 50%-ға сәйкес келмейді

Қазақстан мен Қытайдың кедендік статистикалық алшақтығы 50 пайызға жеткен. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның айтуынша 2017 жылы аспан асты елінен жеткізілген тауар 11.6 млрд долларға бағаланса, Қазақстанда бұл небәрі 4.7 млрд доллар ретінде көрсетілген. Сәйкесінше, қос мемлекет арасындағы сауда-саттық алшақтығы 6,9 млрд долларды құраған.

2018 жылғы айырмашылық 5,9 млрд доллар болса, былтырғы көрсеткіш 6,1 млрд долларға теңескен. Енді мұндай олқылықты жою үшін Қаржы министрлігі ЕАЭО-ға мүше елдер мен Қытай арасында тауар айналымы жайлы ақпарат алмасуға уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу