Қазақстан мен Қытайдың ортақ цемент зауыты өнімінің алғашқы легін саудаға шығарды

817

Қазақстан мен Қытайдың ортақ цемент зауыты өнімінің алғашқы легін саудаға шығарды

Қазақстан мен Қытайдың аймақтары өзара әріптестігін нығайтып келеді. Бірлескен кәсіпорындардың алғашқы өнімдері нарыққа шыға бастады. Бұл жайында Қазақстандағы Шэньси провинциясы өкілдігінің басшысы хабардар етті, деп хабарлайды 24.kz.

Оның айтуынша, елімізде шетелдік инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, Шэньси өлкесінің Қазақстанмен бірлесіп құрған цемент зауыты өз өнімінің алғашқы легін саудаға шығарды. Нәтижесінде аталған аймақпен жүк тасымалы өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға артты. Ал Сиань-Алматы әуе рейсінің ашылуы бұл өлкеден Қазақстанға келетін туристердің санын көбейткені анық. Нәтижесінде сиандық саяхаттаушылар Астана көрмесін тамашалауға мүмкіндік алды. Енді екі жақ азық-түлік саласындағы әріптестікті дамытуға басымдық бермек. Қазақстандық "Нұрлы жол" бағдарламасы мен Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасы бұл жобалардың жүзеге асуына демеу болмақ. 

"Қазақстанның агроөнеркәсіп саласындағы мүмкіндігі орасан зор. Біз қазір Қазақстанның ауылшаруашылығы паркінде күннен қуат алатын жылыжай құрылысын салудың екінші кезеңіне өттік. Жоба бұйыртса, келесі жылы толықтай іске қосылады. Биыл Қазақстан мен Қытайдың аймақаралық байланыстарды жандана түскеніне осы дәлел. Тәуелсіздіктің 26 жылдығымен құттықтаймын. Қазақ елінде бізді қолдайтын әріптестер бен достардың барына қуаныштымын", - дейді Қазақстандағы Шэньси провинциясы өкілдігінің басшысы Хэ Чэн. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу