Қазақстан мен Люксембург арасындағы салық салу мәселесіне өзгерістер енгізіледі

806

Бұл екі мемлекеттің салық қызметінің ынтымақтастығын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Қазақстан мен Люксембург арасындағы салық салу мәселесіне өзгерістер енгізіледі

Мәжіліс отырысында "Қазақстан мен Люксембург арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қосарланған салықты болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды. 

Бұл хаттаманы ратификациялау экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу арқылы екі мемлекеттің салық қызметінің ынтымақтастығын кеңейтуге мүмкіндік бермек. 

Хаттамада табыс көзі болып табылатын дивидендтердің нақты иесі үкімет, орталық немесе жергілікті билік органы, Орталық (Ұлттық) банк болса салық салудан босату көзделеді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу