ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Люксембург премьер-министрінің орынбасары Этьен Шнайдермен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Кездесу ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің ашылу салтанатына қатысу үшін Люксембург делегациясының Астанаға ресми сапары шеңберінде өтті.
Кездесу барысында Бақыт Сұлтанов Қазақстанның экономикасы мен оның қазіргі жай-күйі туралы, оның ішінде Қазақстан – 2050 мәңгілік ел және іске асырылатын "Нұрлы жол" және "Нұрлы жер" даму бағдарламалары туралы айтып өтті. Тараптар сондай-ақ екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Бақыт Сұлтановтың айтуынша 2016 жылдың қорытындысы бойынша екі елдің арасындағы тауар айналым көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 60%-ға өсті және 18,3 млн. АҚШ долларын құрады. Алайда, өзара сауда көрсеткіштері екі жақты ынтымақтастық әлеуеті толық көлемде пайдаланылмайтынын көрсетіп отыр.
ҚР қаржы министрі министрліктің ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ екі жақты сауда мен инвестицияларды кеңейту бойынша қолданатын шараларын айтты.
Сонымен, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің үкіметі арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капитал және оған хаттама, салыққа қатысты салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция қолданылады.
Сондай-ақ, олардағы салық заңнамасының өзгеруіне байланысты Люксембург салық салуда жеңілдігі бар мемлекет тізбесінен алынып тасталды.
Осыған байланысты Бахыт Сұлтанов қолданылып отырған шаралардың Қазақстан-Люксембург қатынастарының одан әрі дамуына оң әсер тигізетініне және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына, екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастарының көркеюіне ықпал ететініне сенім білдірді.
Қорытындылай келе, ҚР Қаржы министрі Люксембург делегациясының сапары Қазақстан мен Люксембург арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуына жаңа екпін береді деп сенім білдірді.