Қазақстан мен Макао азаматтары бір-біріне визасыз кіре алады

265

Бұл келісім туристік, іскерлік және мәдени байланыстарды дамыту үшін жаңа көкжиектер ашады.

Қазақстан мен Макао азаматтары бір-біріне визасыз кіре алады Фото: gov.kz

24 қазанда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Макао арнайы әкімшілік ауданының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім өз күшіне енді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Келісім қолданыстағы ұлттық паспорттары бар екі тараптың азаматтарына 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде визасыз бір-бірінің аумағына кедергісіз кіруге, шығуға, транзитпен жүруге және болуға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.

Алайда, визасыз режим еңбек қызметіне, оқуға және тұрақты тұруға қолданылмайтынын есте ұстаған жөн.

Егер, Макао аумағында 14 күннен артық жүруді жоспарласаңыз, тиісті кіру визасын алдын ала рәсімдеу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу