Қазақстан мен Молдова арасында денсаулық сақтау саласында ынтымақтастық туралы келісім жасалды

1029

Қазақстан мен Молдова арасында денсаулық сақтау саласында ынтымақтастық туралы келісім жасалды

Қазақстан мен Молдова арасында денсаулық сақтау саласында ынтымақтастық орнату туралы келісім жасалды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА хабарлайды.

Минск  қаласында өткен Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінде сапалы және қымбат емес антиретровирустық және туберкулезге қарсы препараттардың қолжетімділігін кеңейту жөніндегі Өңірлік жиын шеңберінде екіжақты кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой және  Молдова Республикасының Денсаулық сақтау министрі  Руксандра Главан денсаулық сақтау саласында ынтымақтастық орнату  жөніндегі келісімге қол қойды. Тараптар фармацевтикалық қызметте, кадрларды дайындау, бірлескен ғылыми жұмыстарды өткізу, бірлескен ғылыми әзірлемелерді жүргізу; денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық және коммуникациялық жүйелерді әзірлеу және енгізу, денсаулық сақтау жүйесін реформалау, медициналық статистиканы ұсыну, ерекше қауіпті инфекциялардың таралу қаупі туындаған жағдайда медициналық көмек көрсету және өзара іс-қимыл жасау, дәрілік заттарды және медициналық техниканы стандарттау,  тараптар мемлекеттері халқының денсаулығын сақтау және нығайту саласындағы ұлттық бағдарламалардың басым міндеттерін шешу жөнінде өзара ынтымақтастықты дамыту жөнінде келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу