Қазақстан мен Моңғолия арасында тікелей әуе рейсі ашылады

923

Қазақстан мен Моңғолия арасында тікелей әуе рейсі ашылады

Ағымдағы жылы "Астана-Ұланбатыр" әуе рейсін ашу жоспарланып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның Моңғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі Қалыбек Қобландиннің айтуынша, қазіргі кезде рейсті ашу бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр.

"Екі ел арасындағы күрделі проблемалардың бірі - көліктік-логистикалық байланыс. Яғни, тікелей ұшу рейстерін ашу қажет. Қазіргі кезде "Астана-Ұланбатыр" әуе рейсін ашу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Аманшылық болса, осы 2018 жылы екі ел арасында тікелей әуе рейсі ашылады деген жоспар бар", - деді Қалыбек Қобландин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, Моңғолияға апаратын автокөлік жолдары Ресей арқылы өтеді. Бүгінде "Алматы – Өлгей" мен "Астана-Өлгей" сияқты автобус қатынастары бар. Бұдан бөлек, "Өскемен-Риддер-Ташант" атты қысқа жолмен де қатынауға болады. Аталған бағытта Қазақстан Риддерден Ресей шекарасына дейінгі учаскенің құрылысын аяқтады. Алайда Ресей Федерациясы Моңғолияға дейінгі жолды бітірмей отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу