Қазақстан мен Моңғолия білім саласындағы әріптестікті нығайтады

1620

Моңғолия азаматтарына бөлінетін білім гранттарының санын 5-тен 25-ке дейін (15 бакалавриат, 5 магистратура, 5 докторантура) көбейту көзделіп отыр.  

Қазақстан мен Моңғолия білім саласындағы әріптестікті нығайтады

Моңғолия Премьер-министрі У.Хурэлсухтың Қазақстан Республикасына сапары барысында ҚР мен Моңғолияның арасындағы білім саласындағы қатынастарға жаңа қарқын беретін бірқатар құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды ҚР білім және ғылым министрілігінің юаспасөз қызметі.

Аталған нормативтік-құқықтық құжаттарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мен Монғолия Білім, мәдениет, ғылым және спорт вице-министрі Ганболд Ганбаяр қол қойды.

Кездесу барысында білім туралы құжаттарды, ғылыми дәрежелер мен атақтар өзара тану туралы келісімге қол қойылды. Аталған келісім екі елде берілген білім туралы құжаттарды, ғылыми дәрежелер мен атақтар өзара тану туралы мәселелерін реттейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу