Қазақстан мен Моңғолия көлік ынтымақтастығын талқылады

351

Ұлан-Батырда өткен жиында халықаралық көлік дәліздерін дамыту, транзиттік бағыттардың тиімділігін арттыру және өңірлік байланыстарды нығайту мәселелері қаралды.  

Қазақстан мен Моңғолия көлік ынтымақтастығын талқылады Фото: ҚР Көлік министрлігі telegram

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің өкілдері Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық (ОААЭЫ) бағдарламасының көлік секторын үйлестіру комитетінің 23-отырысына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған жиын Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтті. Отырыс барысында өңір елдерінің қатысушылары көлік жүйесін дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Күн тәртібінде халықаралық көлік дәліздерін жаңғырту, транзиттік бағыттардың тиімділігін арттыру, автомобиль жолдарын дамыту және қатысушы мемлекеттер арасындағы көлік байланысын нығайту мәселелері қаралды.

Сондай-ақ тараптар бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, жол саласына заманауи технологияларды енгізу және өңірлік көлік желісінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын арттыру бағыттарына ерекше назар аударды.

Министрлік өкілдерінің бұл жиынға қатысуы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға, ұлттық бастамаларды ілгерілетуге және көлік саласындағы озық тәжірибемен алмасуға мүмкіндік берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу