Қазақстан мен Мысыр арасында әуе рейстері артады

267

Астана қаласында Қазақстан мен Мысырдың авиациялық билігі арасында екіжақты келіссөз өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан мен Мысыр арасында әуе рейстері артады Фото: canva.com

Қазақстандық делегацияны Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Мысыр тарапын Авиация министрлігі Авиациялық әкімшілігінің әуе көлігі жөніндегі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Хешам Абдель Басет мырза басқарды.

Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 14-тен 48-ге дейін, әрбір тарап үшін рұқсат етілген тармақтарды 2-ден 3-ке дейін ұлғайтуға уағдаласты.

Тағайындалған тасымалдаушылардың саны артты.

Мәселен, қазақстандық тарап қолданыстағы Air Astana және SCAT тасымалдаушыларына Fly Arystan әуе компаниясын елдер арасындағы тұрақты рейстерді орындауға тағайындады.

Мысыр тарапы өз кезегінде қолданыстағы EgyptAir, EgyprAir Cargo және Air Cairo тасымалдаушыларына Red Sea және Nile Air тағайындады.

Қол жеткізілген келісім бойынша екі елдің әуе компаниялары өзара коммерциялық келісімдер жасай алады.

Уағдаластық негізінде екі тараптың тағайындалған әуе компаниялары рейстер санын ұлғайтуды және елдер арасындағы ұшу географиясын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу