Қазақстан мен Мысыр фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ

311

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан мен Мысыр фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ Фото: СІМ

Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшісі Асқар Жеңіс "Egyptian International Pharmaceutical Industries Co." (EIPICO) компаниясының басшылығымен кездесіп, елімізде инвестициялық жобаны іске асыру жоспарларын талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"EIPICO" басқарма төрағасы Ахмед Келани Қазақстанда заманауи толық циклді фармацевтикалық зауыт салу жобасын жалғастыруға дайын екенін растады.

А.Келанидың айтуынша, жоба жаңа кезеңге шықты: кәсіпорын ашылатын алаң анықталды. Жақын уақытта компания басшылығы Қазақстанға келіп, жобаны жүзеге асырудың ұйымдастырушылық және техникалық мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.

Өз кезегінде Елші фармацевтикалық индустрияны дамыту мен дәрілік заттардың жергілікті өндірісін кеңейтуді ұлттық экономиканың стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындалғанын атап өтіп, қазақ тарапының компанияға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу