Қазақстан мен Оман инвестициялық қарым-қатынасты кеңейтуге ниетті

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша, 2005 жылдан 2021 жылға дейін Оманнан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 253,4 млн долларды құрады. 

Қазақстан мен Оман инвестициялық қарым-қатынасты кеңейтуге ниетті Фото: Деловой Казахстан

Маскат қаласында "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ пен Қазақстан Республикасының Оман Сұлтанатындағы Елшілігінің өкілдері инвестициялық компаниялармен бірқатар келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оман Сұлтандығына сапары барысында АҚ-ның Парсы шығанағының араб елдеріндегі шетелдік өкілі Құрманғали Аманқосов "Investors Bridge" (Оман инвесторлары қауымдастығы) компаниясының басшысы Ахмед Аль Хартимен кездесіп, екіжақты қарым-қатынасты тереңдету және ынтымақтастық пен инвестициялық әлеуетті ілгерілету бойынша жұмыстарды күшейту мәселелерін талқылады. Мүдделі бизнес өкілдерімен онлайн/офлайн форматында іс-шараларды жүйелі түрде өткізу ұсынылды. Сондай-ақ, олар Қазақстандағы шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларымен танысты.

Сапар барысында, "Suhail Bahwan Group", "MB Holding Barwani", "Zubair Corporation", "Atyab International Services", "Afkar Enterprises and Investment" сияқты компаниялардың басшылығымен бірқатар кездесулер өткізіліп, ауыл шаруашылығы, тау-кен металлургиялық кешені, денсаулық және білім салаларындағы жобалар талқыланды.

Кездесулер нәтижесінде тараптар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында одан әрі тығыз ынтымақтастық туралы келісті.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы мен Оман арасындағы іскерлік белсенділіктің өсу тенденциясы байқалады.

2019 жыл – $472,6 мың (экспорт – $445,0 мың, импорт $27,7 мың).

2020 жыл – $273,5 мың  (экспорт – $267,4 мың, импорт – $6,1 мың).

2021 жылы тауар айналымы $2,8 млн жетті (экспорт – $2,5 млн, импорт – $370 мың).

2022 жылдың қаңтар-тамыз аралығында тауар айналымы $5,6 млн (экспорт - $420,3 мың, импорт - $5,2 млн) құрады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша, 2005 жылдан 2021 жылға дейін Оманнан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 253,4 млн долларды құрады. Тікелей инвестиция ағыны бойынша Оман Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ішінде екінші орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу