Кездесу барысында министр елшіні жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, дипломатиялық жұмысына сәттілік тіледі. Мәди Такиев Қазақстанның Оманмен достық қарым-қатынасты нығайтуға және өзара тиімді әріптестікті дамытуға мүдделі екенін атап өтті.
Тараптар екі ел арасындағы қаржы-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен алдағы даму мүмкіндіктерін қарастырды. Сонымен қатар Оманның Еуразиялық даму банкіне қосылу үдерісі аясындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударды.
Кездесу қорытындысында тараптар қаржы-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге, сындарлы диалогты жалғастыруға және ортақ бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді.