Қазақстан мен Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлерінің келіссөзі өтпейтін болды

126

Қорғаныс министрлігі ведомство басшысының Оңтүстік Корея Қорғаныс министрімен өтуге тиіс болған келіссөзі өтпейтінін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан мен Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлерінің келіссөзі өтпейтін болды Фото: gov.kz

"ҚР Қорғаныс министрлігі Қорғаныс министрінің Корея Республикасына жоспарланған сапары корей тарапының бастамасымен өтпей қалғанын хабарлайды. Корея тарапының жауабы қоса берілген",  деп жазылған министрліктің ресми ақпаратында.

Оңтүстік Корея тарапының ресми мәліметіне сүйенсек, келіссөздің өтпеуіне елдің ішіндегі саяси ахуал түрткі болған.

"Корея Республикасының Ұлттық қорғаныс министрлігі Қазақстан Қорғаныс министрінің Кореяға сапарына қатысты мынаны хабарлайды. Еліміздегі ішкі жағдайға байланысты бүгін Кореяға сапар мүмкін еместігін хабарлаймыз",  деп жазылған мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу