Қазақстан мен Оңтүстік Корея заңсыз көші-қон мәселелері бойынша келіссөз жүргізуде

469

Бұл туралы inbusiness.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан мен Оңтүстік Корея заңсыз көші-қон мәселелері бойынша келіссөз жүргізуде Фото: ҚР СІМ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев Корея Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шетелдік корейлер істері және консулдық мәселелер жөніндегі директоры Ким Минчхольмен консулдық консультациялар өткізді.

Екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы консулдық мәселелер бойынша консультациялардың 7-ші раунды барысында тараптар консулдық-құқықтық саладағы ынтымақтастықты қоса алғанда, екіжақты өзара қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалады.

Тараптар екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін, сондай-ақ құқықтық саладағы ағымдағы қазақстандық-корей қатынастарының, оның ішінде ҚР азаматтарының Оңтүстік Кореяға заңсыз еңбек көші-қонының өзекті аспектілерін талқылады.

Атап айтқанда, еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыс күшін тарту және пайдалану процестерін реттеуге өзара мүдделілік негізінде корей тарапы шетелдіктерді жұмысқа орналастыру жүйесі ("Еңбек рұқсаттары жүйесі") шеңберінде қазақстандық жұмыс күшін тарту жөніндегі келіссөздер процесін бастауға дайын екендігін білдірді.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар келесі отырысты Астанада өткізуге келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу