Бұл маусым айындағы өсім деңгейімен бірдей, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2026 жылдың шілдесінен бастап OPEC+ құрамындағы жеті мемлекет мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге арттыру туралы келісімге келді. Бұл шешімге Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман елдері қолдау білдірді.
Квота көлемі төмендегідей:
- Қазақстан – тәулігіне 1,608 млн баррель;
- Сауд Арабиясы – 10,353 млн баррель;
- Ресей – тәулігіне 9,824 млн баррель.
ОПЕК + мәлімдемесінде елдер нарықтағы жағдайды бақылауды жалғастыратыны және қажет болған жағдайда шешімдерді қайта қарайтыны айтылған. Қатысушы елдердің келесі отырысы 2026 жылғы 5 шілдеге жоспарланып отыр.
БАӘ 1 мамырдан бастап ОПЕК пен ОПЕК+ құрамынан шықты. Ел ОПЕК-тің үшінші ірі мұнай өндірушісі болды.
Айта кетейік, соңғы айларда Парсы шығанағындағы экспорт көлемінің төмендеуіне байланысты OPEC+ елдерінің нақты өндірісі қысқарған болатын.