Қазақстан мен ОПЕК+ елдері мамырда мұнай өндірісін арттыруға келісті

242

Қазақстан және ОПЕК+ елдері 2025 жылдың мамыр айынан бастап мұнай өндіру көлемін арттыру туралы келісімге келді.    

Қазақстан мен ОПЕК+ елдері мамырда мұнай өндірісін арттыруға келісті Фото: www.oilandgasmiddleeast.com

Бұл шешім альянс мүшелерінің 3 сәуірде өткен онлайн-кездесуінің нәтижесінде қабылданды.

Келісімге Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, БАӘ, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман елдері қатысты.

Мамыр айынан бастап сегіз ел мұнай өндіруді тәулігіне 411 мың баррельге арттыруды жоспарлап отыр.

Бұл шешім нарықтағы тұрақты жағдай мен оң болжамдарға негізделген. Сонымен қатар, өндіріс көлемін арттыру қарқыны нарықтағы жағдайға байланысты тоқтатылуы немесе қайта қаралуы мүмкін.

ОПЕК+ елдері 2024 жылдың қаңтарынан бастап артық өндірісті өтеу міндеттемесін де растады. 2025 жылдың 15 сәуіріне дейін елдер жаңартылған өтемақы кестелерін ОПЕК хатшылығына ұсынуы тиіс.

ОПЕК+ келесі отырысы 2025 жылдың 5 мамырында өтеді. Онда маусым айына арналған өндірістік квоталар туралы шешім қабылданады. Жыл соңына дейін нарық жағдайын бағалау және міндеттемелерді орындау деңгейін талқылау үшін ай сайын кездесулер жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу