Қазақстан мен Өзбекстан Аралды бірлесіп құтқармақ

563

Қазақстан мен Өзбекстан Аралды бірлесіп құтқармақ

Аралды құтқару мәселесі бойынша Қазақстан мен Өзбекстан мамандарының бірлескен жұмыс тобы құрылады. Бұл туралы Өзбекстандағы Қазақстан елшісі Ерік Өтембаев Қарақалпақстанға сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біз Аралды құтқару бойынша бірлесіп әрекет етуге келістік. Қарақалпақстанның шөлейттенумен күресте жетістіктері бар, сондай-ақ осы мәселеге қарсы түрлі өсімдіктер өсіру, әсіресе сексеуіл отырғызудан жақсы тәжірибе жинақтаған. Осы бағыттарда Қазақстан мен Өзбекстан мамандарының бірлескен жұмысы тиімді әдіс табуға мүмкіндік береді. Бұл ретте ҚР президентінің Аралды құтқару дың халықаралық қорының рөлін күшейту бойынша бастамасы өте маңызды", - деп атап өтті Ерік Өтембаев.

Сондай-ақ, дипломат таяу уақытта суды үнемдеудің жаңа әдістерін және оны тиімді пайдалануды зерттеу саласында Қазақстан мен Өзбекстан мамандарынан тұратын жұмыс тобы құрылмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу