Қазақстан мен Өзбекстан арасында теміржол арқылы жүк тасымалының көлемі артты

Астанада "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС және "Узбекистон темир йуллари" АҚ делегацияларының екіжақты кездесуі өтті.  

Қазақстан мен Өзбекстан арасында теміржол арқылы жүк тасымалының көлемі артты Фото: Inbusiness.kz

2023 жылдың 8 айында елдер арасында темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26% өсіп, 20,6 млн тоннаны құрағаны атап өтілді.

Астық экспорты 38%, ұн 77%, көмір экспорты 2 есеге артты. Химиялық және минералды тыңайтқыштар импорты 67%, жемістер мен кептірілген жидектер 10%, автомобильдер 6% және т.б. артып отыр.

Тараптар қосымша жоспар бойынша көмір, астық, мұнай өнімдері сияқты жүктерге басымдық бере отырып, Сарыағаш – Келес мемлекетаралық түйісу пункті бойынша пойыздар алмасуды ұлғайтуға уағдаласты.

"Кездесуде жаңа піскен жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізудің жаңа тізбегін қалыптастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Жақын арада Өзбекстан станцияларынан Илецк станциясына (ҚР) маршрут бойынша кестедегі белгіленген мерзімдерге сәйкес пилоттық өтпелі рефрижераторлық пойызды іске қосуды ұйымдастыру жоспарлануда, содан кейін рефрижераторлық вагондар жеміс-көкөніс өнімдерін Қазақстаннан Өзбекстанға әкету үшін пайдаланылатын болады”, – деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу