Қазақстан мен Өзбекстан арасында тұрақты автобус бағдарлары ашылады

721

Қазақстан мен Өзбекстан арасында тұрақты автобус бағдарлары ашылады

Бүгін палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен мәжілістің жалпы отырысы өтті.  Отырыс барысында "2006 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы таныстырылды.

ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша сауда-экономикалық байланысты одан әрі дамытуға оң серпін беретін хаттама күшіне енсе, Қазақстан мен Өзбекстан арасында ірі қалаларға қатынайтын тұрақты автобус бағдарлары ашылатын болады.

"Аталған Хаттаманы ратификациялау бюджет қаражатын жұмсауды қажет етпейді", - деді Жеңіс Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу