Қазақстан мен Өзбекстан арасында тұрақты автобус бағыты ашылмақ

821

Қазақстан мен Өзбекстан арасында тұрақты автобус бағыты ашылмақ

Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушылар тасымалдайтын тұрақты автобус бағыты ашылады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Оның айтуынша қазіргі таңда екі ел арасында қатынайтын тұрақты жолушылар көлігі жоқ. Жолаушы алдымен шекараға дейін барып, сол жерден Өзбекстан автобусына отырып сапарын жалғастырады. Ал жаңа заң жобасы сауда-экономикалық байланыс пен туристік барыс-келісті де дамыта түспек. Аталған хаттаманы енгізу бюджет қаражатын жұмсауды қажет етпейді.

Ал халықаралық автобус тасымалының нақты бағдарын қос мемлекет тепе-тең негізде айқындайтын болады. Министрдің айтуынша жоспарға сәйкес алғашқы жолаушылар көлігі биылғы жылдың соңына дейін Ташкент-Шымкент бағытында ашылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу