"Узтемірконтейнер" мемлекеттік компаниясы Ташкенттен Қытаймен шектесетін Алтынкөл станциясына алғашқы контейнерлік пойызды жөнелтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ташкенттен барлығы 57 контейнер тиелді. Шекарадағы логистикалық орталыққа дейінгі жолдың жалпы ұзындығы – 1300 шақырым.
Маршрутты екі күнде еңсеру көзделген. Бұған дейін дәл осындай контейнерлік пойыз бағыты Қазақстан мен Үндістан арасында ашылған. Мундра станциясынан басталатын маршрут Иран, Түркіменстан, Өзбекстан арқылы Астанаға келеді.
Жүк пойызы 5885 шақырымды еңсереді. Оның 4300 шақырымы құрлық болса, 1585 шақырымы теңіз жолы болып қалады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу