Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы аймақаралық ынтымақтастық форумы басталды.

712

Түркістанда үкімет басшыларының қатысуымен "Трансшекаралық ынтымақтастық жаңа өсу нүктелері ретінде" атты Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы аймақаралық ынтымақтастықтың ІІІ форумы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы аймақаралық ынтымақтастық форумы басталды.

Ертең екі елдің премьер-министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды деп күтілуде.

Бүгін Форумның бірінші күні аясында екі елдің іскер топ өкілдерінің кездесулері өтті. Қазірдің өзінде 40-тан астам B2B кездесулері өтті. Келіссөздер нәтижесінде жасалған келісім-шарттардың жалпы сомасы 200 миллион доллардан асты.

ҚР Сауда және Интеграция министрлігінің мәліметінше, 2021 жылдың 9 айында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2 886,9 млн АҚШ долларын құрады. Бұл 2020 жылдың сәйкес, деңгейінен 28,5%-ға жоғары. Оның ішінде 2 098,2 млн АҚШ доллары – Қазақстаннан тауар экспорты (өсім 30,1%).

Қазақстанның Өзбекстанға экспортының негізгі өнімдері: легирленбеген болаттан жасалған жартылай фабрикаттар, легирленбеген болаттан жасалған жалпақ прокат, автомобильдер, мыс концентраттары, ауылшаруашылығы өнімдері (бидай, ұн, соя майы және т.б.).

Өзбекстаннан келетін негізгі импорт – жеміс-жидектер, кірпіш пен құрылыс материалдары, керамика, этилен полимерлер.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу