Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе рейстерінің жиілігі артады

980

"Эйр Астана" мен O‘zbekiston Havo Yo‘llari әуекомпаниялары Алматы мен Ташкент бағытындағы рейстерді аптасына 7-ден 10-ға дейін және Астана – Ташкент бағытындағы рейстерді аптасына 4-тен 6-ға дейін көбейтеді.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе рейстерінің жиілігі артады

Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық билік органдарының қол жеткізген келісімдері нәтижесінде ек ел арасындағы әуе рейстерінің жиілігі артатын болды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

2019 жылғы көктемгі-жазғы навигация басталысымен "Эйр Астана" мен O‘zbekiston Havo Yo‘llari әуекомпаниялары Алматы мен Ташкент бағытындағы рейстерді аптасына 7-ден 10-ға дейін және Астана – Ташкент бағытындағы рейстерді аптасына 4-тен 6-ға дейін көбейтеді.

Осылайша, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе рейстерінің жалпы саны аптасына 22-ден 32 рейске дейін артты. Ұшулар E190 және A320 типті ұшақтарда орындалады.

Әуе рейстерінің көбеюі, екі бауырлас ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ Өзбекстандағы Қазақстан жылын табысты өткізуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу