Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бекеттердің өткізу қабілеті артады

1472

Түркістан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті құрамында алты шекаралық, екі ішкі кеден бекеті қызмет атқарады. 

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бекеттердің өткізу қабілеті артады

Өзбекстанмен арада тауар айналымы биылғы жылдың 11 айында 447 млн АҚШ долларын құрады, яғни өткен жылмен салыстырғанда 27,7 пайызға өсті. Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Елдос Саудабаев мәлімдеді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

2018 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша департаменттің кеден бекеттерімен 14 539 тауарларға арналған декларация ресімделген. Бұл былтырғыға қарағанда 16,2 пайызға өскендігін көрсетіп отыр.

"Департаменттің кеден бекеттері арқылы 174 865 жүк автокөлік құралы өтіп, өткен жылға қарағанда 63,7 пайызға өсім байқалды. Сондай-ақ, 244 310 жеңіл автокөлік шекарадан өткен. Шекарадан өткендер азаматтар саны - 17 019 264, бұл былтырғыға қарағанда 46,8 пайызға көп. Кеден бекеттерінде кезекте тұрған автокөлік құралдарының өтуін жылдамдату үшін қосымша қызметкерлер мен жұмыс орындары көбейтілді. Сондай-ақ, автокөлік құралдарының өткізу қабілеттілігін арттыру мақсатында, 2019 жылдың ақпан айынан бастап "Б.Қонысбаев" өткізу пунктінің қайта құру құрылысының басталуы жоспарлануда. Бұл жобада автокөліктердің кіріп-шығу жолақтарын 2 ден 6 жолаққа дейін салу қарастырылған", –  деді Елдос Ермағанбетұлы.

Департаменттің қызмет ету аймағында Еуразиялық экономикалық одақтық кеден шекарасы арқылы өткізілген тауарлар мен тұлғаларға қатысты 514 әкімшілік іс қозғалған. Одан басқа, 33 факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оның ішінде, 31 факті бойынша есірткі заттарды тасымалдауға қатысты, 1 факті медициналық препараттар бойынша және 1 факті бойынша экономикалық контрабандаға қатысты қылмыстық істер болып отыр.

Сонымен қатар, кедендік рәсімдерді жаңғырту мен кедендік және салықтық әкімшілендіру автоматтандыру жүйелері жаңартылып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу