Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық 3 миллиард долларға жетті

1675

Екі ел президенттері 2021 жылға қарай арадағы сауда айналымын 5 миллиард долларға жеткізуді көздейді.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық 3 миллиард долларға жетті

Бұл жөнінде Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.

"Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлының тапсырмасын орындауға жұмыс істеп жатырмыз. 2017 жылы қос мемлекет арасындағы сауда айналымы 1 жарым миллиардтан асады. Ал, өткен жылы 2,8 миллиардқа жетті. Десе де, өзбек жағының есебі бойынша 2018 жылы сауда-саттық 3 миллиард доллардан асқан. Сондықтан, 2021 жылы 5 миллиардтық межені орындаймыз деген ойдамын", – деді ол.

Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында бүгінде екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен түрлі жәрменкелер мен бизнес форумдар өткізілуде. Мәселен, жуырда Ташкент қаласында өткен түркі халықтарының бизнес форумына бір ғана Шымкент қаласынан жүзден аса кәсіпкер қатысқан.

Дархан Сатыбалдының айтуынша, бүгінде қазақ елі Өзбекстанмен сауда жасаушы мемлекеттер арасында тауар айналымының көлемі бойынша үшінші орынға ие. Ал, Қазақстанмен сауда айналымы бар елдер арасында ала шапанды көршіміз де алғашқы бестіктен орын алады.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу