Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық көлемі 1,9 млрд доллардан асты

205

Қамтылып отырған кезеңде Өзбекстан Қазақстанға 619,8 млн доллардың тауарын экспорттап, 1,2 млрд доллардың тауарын импорттаған.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық көлемі 1,9 млрд доллардан асты Фото: ia-centr.ru

Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Өзбекстанның негізгі сауда серіктестерінің үштігінде қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап.

Қаңтар-маусым айларында елдегі сыртқы сауда айналымы 31,8 млрд долларға жетіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 8,5%-ға өсті. Өзбекстан Статистика агенттігінің ақпаратына сай, бүгінгі таңда көршілес мемлекет әлемнің 186 елімен сауда-саттық жасайды.

Жарты жылдың қорытындысы бойынша елдің басты сауда серіктестері көшін Қытай бастап тұр. Екі мемелекет арасындағы тауар айналымы 5,8 млрд доллардан (жалпы көлемнің 18,5%) асты. Одан кейінгі орында сауда-саттықтың 18,1% үлесі тиесілі Ресей тұр. Бұл елмен арадағы импорт-экспорт көлемі 5,7 млрд доллардан артық.

Сонымен қатар, көшбасшылардың үштігін Қазақстан түйіндеді. Біздің ел мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 1,9 млрд доллардан асты (жалпы көлемнің 6%).

"Қазақстан Қытай мен Ресейден кейінгі Өзбекстанның ең ірі сыртқы экономикалық серіктестерінің біріне айналды. Бұған ортақ шекараның болуы, ТМД аясында еркін сауда жасау, сондай-ақ өзара экономикалық қатынастарды жүйелі жолға қою ықпал етті", - делінген Статистика агенттігінің деректерінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу