Қазақстан мен Өзбекстан әуе кеңістігінде жаңа бағыт ашылды

194

Т916 әуе кеңістігі трассасының жалпы ұзындығы 2187 шақырымды құрайды.

Қазақстан мен Өзбекстан әуе кеңістігінде жаңа бағыт ашылды Фото: ortcom_kz

Қазақстан мен Өзбекстан әуе кеңістігі арқылы өтетін жаңа Т916 бағыты ашылды. Бұл Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасын жалғайтын қосымша бағыттардың бірі. Бұл бағыт ашылғалы Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға 19 рейс орындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа бағытпен Lufthansa Cargo (Германия), Cargolux (Люксенбург), Cargolux Italy (Италия), Nomad aviation (Швейцария), Western Global Airlines (США), Aerologic Cargo Airlines (Германия) сияқты авиакомпаниялар рейстер орындауда. 

Т916 әуе кеңістігі трассасының жалпы ұзындығы 2187 шақырымды құрайды, оның ішінде борттар 437 шақырым Өзбекстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланса, қалған 1750 шақырым Қазақстан Республикасының аумағының үстімен өтеді. 

Т916 әуе қозғалысына қызмет көрсетудің жаңа бағыты Өзбекстан Республикасының авиакомпаниялары мен аэронавигациялық провайдері – "Узаэронавигация" МУК ұсынысы бойынша ашылды. Бұл бағыт ИКАО-ның таңдаулы бағыттарының каталогына енгізілді.

"Қазаэронавигация" РМК мамандарының айтуынша, жаңа әуе дәлізі шетелдік авиакомпаниялар үшін Қазақстан әуе кеңістігінің тартымдылығын арттырады, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан әуе қозғалысына қызмет көрсету өңірлік орталығының авиадиспетчерлеріне түсетін ауыртпалықты азайтуға көмектеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу