Қазақстан мен Өзбекстан Астана-Ташкент және Алматы-Ташкент бағыттары бойынша рейстер санын көбейтпекші, деп хабарлайды LS.
Азаматтық авиация комитетіндегілер хабарлағандай, екі елдің бас қалалары арасында аптасына – төрт емес, алты рет, ал Алматы мен Ташкент арасында аптасына жеті емес, 10 рет ұшатын болады.
Екі елдің белгіленген әуе компаниялары жалпы есептегенде екі ел арасында аптасына 32 рейс орындауға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ аталған елдер өзаратиімді шарттармен "код-шер" коммерциялық келісіміне қол қоюға уағдаласты.
Комитеттегілердің есептеуінше, бұл қадам елдер арасында туризмнің, экономикалық, сауда байланыстарының дамуына ықпал етпек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу