Өзбекстанның Цифрлық технологиялар министрі Шерзод Шерматов пен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жасанды жерсеріктерді бірлесіп ұшыру жөніндегі ынтымақтастық жоспарларын талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform-ға cілтеме жасап.
Кездесу барысында екі елдің ведомство басшылары бірлескен спутниктер тобын ғарышқа ұшыру мүмкіндігін сөз етті. Тиісінше, министрлер бұл бастама бойынша жыл соңына дейін тиісті деректерге талдау жүргізіп, нақты ұсыныс әзірлеу туралы шешім қабылдады.
Сонымен қатар, Шерзод Шерматов пен Жаслан Мәдиев цифрлық білім беруді дамыту және цифрлық трансформация бойынша өңірлік ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.