Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен туристік маршруттар ұйымдастырады

1116

Ташкент және Бұқара қалаларында Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында Road show ұйымдастырылды.

Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен туристік маршруттар ұйымдастырады

Түркістан облысының әкімдігі Өзбекстанның туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитетінің қолдауымен Ташкент және Бұқара қалаларында Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында Road show ұйымдастырылды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Іс-шараға  туризм саласындағы мемлекеттік мекеме өкілдері және 70-тен астам туристік ұйым қатысты. Онда Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылып, Өзбекстанның туристік өкілдері зор қызығушылық танытты. Нәтижесінде, туристік ұйымдар арасында 10-нан астам келісімдерге қол қойылып, бірлескен туристтік маршруттар ұйымдастыруға келісті.

Сондай-ақ облыс делегациясы Ташкент қаласында "Сузук-ота" қолөнер шеберлері орталығы және Бұқара қаласында "Базори корд" темір ұсталар мен "Пойи калон" тоқыма шеберлер орталығы жұмыстарымен танысып, бірқатар келісімге келді.

"Сузук-ота" қолөнер шеберлері орталығы 5 га аумақта орналасқан. 2017 жылы құрылысы басталып 2019 жылдың мамыр айында пайдалануға берілді. Орталықта 30-дан астам шеберхана жұмыс істейді. Негізгі бағыты – ағаш өңдеу және ағаш бұйымдарын жасау.

"Сузук-ота" тарихта Қожа Ахмет Ясауидың ең сүйікті немересі болған.

"Базори корд" темір ұсталар мен "Пойи калон" тоқыма шеберлер орталығында 100-ден астам шебер орналасқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу