Қазақстан мен Өзбекстан инвестициялық және сауда серіктестігін нығайтады

157

Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан инвестициялық және сауда серіктестігін нығайту туралы келіссөз жүргізді, деп хабарлады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан мен Өзбекстан инвестициялық және сауда серіктестігін нығайтады Фото: “Kazakh Invest”

Мақсат – екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, өнеркәсіптік кооперацияны, логистиканы кеңейту, сондай-ақ сауда рәсімдерін жеңілдету және екі елдің нарығына өнімді жеткізу көлемін ұлғайту үшін жағдай жасау.

Инвестиция тарту, оның ішінде инвестициялық ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды. Өнеркәсіп және сауда саласындағы бірлескен жобаларды әзірлеу, сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылды күшейту шаралары да айтылды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу