Қазақстан мен Өзбекстан қандай бірлескен жобаларды жүзеге асырып жатыр?

198

55 жоба елімізде, ал 5 жоба Өзбекстанда іске асырылмақ.

Қазақстан мен Өзбекстан қандай бірлескен жобаларды жүзеге асырып жатыр? Фото: smartnews.kz

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қуантыров былтыр екі ел арасындағы өзара тауар айналымы 4 миллиард доллардан асқанын баса айтты. Тиісті көрсеткішті 10 млрд долларға дейін арттыру көзделіп отыр. 

"Бүгінде өнеркәсіптік кооперация жалпы құны 2,6 млрд долларды құрайтын 60 жобаны қарастырады. Оның ішінде 55 жоба Қазақстанда, ал 5 жоба Өзбекстанда жүзеге асырылады. Құны 144 млн долларлық 11 бірлескен жоба сәтті іске асырылды. Құны 181 млн доллар болатын 3 бірлескен жобаны іске асырамыз", - деді ол елордада өткен Қазақстан-Өзбекстан іскерлік кеңесінің 6-шы отырысында.

Ол бірқатар маңызды жобаларға тоқталды. Атап айтқанда, 2019 жылы ашылған UzAuto Motors-пен бірлесіп CHEVROLET автомобильдерін шығаратын зауыт, былтыр ARTEL Engineering-пен бірге тұрмыстық техника шығаратынзауыт іске қосылған. Өз кезегінде Өзбекстан аумағында 2022 жылы "ECOTON-SHARQ"-пен бірлесіп автоклавты газобетон шығаратын зауыт ашылды.

"Бұл ретте құны 2,3 млрд долларды құрайтын 46 жоба іске асырылып жатыр. Бұл екі елдің серіктестігінің тиімділігін көрсетеді", - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу