Қазақстан мен Өзбекстан кеден саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

397

Алдағы уақытта "Жібек Жолы" өткізу пункті пайдалануға берілмек.

Қазақстан мен Өзбекстан кеден саласындағы ынтымақтастықты нығайтады Фото: otyrar.kz

Құрылтай 2025 жылғы 15 қарашада Ташкентте жасалған Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы екі елдің кеден қызметі өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатты Қаржы министрі Мәди Тәкиев таныстырды.

"Аталған Келісім кеден ісі саласындағы өзара байланыстың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін қалыптастыру мақсатында жасалды. Келісімде жедел ақпарат алмасу, кеден ісіндегі ынтымақ/тастық жөніндегі шараларды келісу, сондай-ақ құзыретті органдардың іс-қимылын үйлестіру қарастырылған. Бүгінде Қазақстан – Өзбекстан шекарасында 11 өткізу пункті жұмыс істейді, оның ішінде 8 автомобиль және (Б.Қонысбаев, Атамекен, Қазығұрт, Қапланбек, Тәжен, Жібек Жолы, Сырдария, Целинный), 3 теміржол өткізу пункті (Сарыағаш, Бейнеу, Мақтаарал)", – деді ведомство басшысы.

2025 жылы "Қапланбек", "Қазығұрт", "Атамекен" өткізу пункттерін реконструкциялау аяқталды. Алдағы уақытта "Жібек Жолы" өткізу пункті пайдалануға беріледі.

"Тиісті жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде, жолаушылар мен жүк және автомобиль көлігін өткізу қабілеті бірнеше есеге артты. Келісімді ратификациялау, кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға, экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға және мемлекет аралық өзара сауданы дамытуға ықпал ететін, Қазақстан мен Өзбекстан кеден қызметтерінің өзара байланысының қосымша институционал/дық механизмін жасайды", – деп түсіндірді Мәди Тәкиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу