Қазақстан мен Өзбекстан басшылары Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды

98

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бұхара облысының жаңа Ахуалдық орталығының қызметімен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан мен Өзбекстан басшылары Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды Фото: Ақорда

Онда тәулік бойы өңірдегі ахуалға, соның ішінде инфрақұрылым жағдайына, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, көлік жүйесіне, қауіпсіздік қызметіне және табиғи процестерге бақылау жүргізіледі.

Ахуалдық орталық төтенше оқиғалар кезінде шұғыл қызметтердің іс-қимылын үйлестіріп, ықтимал сын-қатерлерге тосқауыл қою үшін жағдайдың өрбуін модельдеуді жүзеге асырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу