Қазақстан мен Өзбекстан "Орталық Азия" өнеркәсіптік кооперация орталығын ашады

495

Орталықтың ашылуы 2026 жылдың IV тоқсанына жоспарланған.

Қазақстан мен Өзбекстан "Орталық Азия" өнеркәсіптік кооперация орталығын ашады Фото: gov.kz

Оның аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу өндіріс орындары, тауарлар, құралдар мен техниканы сақтайтын қоймалар орналасатын болады, деп жазады inbusiness.kz cайты.

"Қарастырылып жатқан шартта өнеркәсіптік екіжақты кооперация аумағын — "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру қарастырылған. Үкіметтің жіті бақылауында. 2023 жылдың 9 қарашасында орталықтың жұмыс бағытын реттеу туралы келісімге қол қойылды. 

Орталық Қазақстан жағында "Атамекен" және Өзбекстан жағында "Гүлстан" өткізу бекеттері маңынан ашылады. Оның аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу өндіріс орындары, тауарлар, құралдар мен техниканы сақтайтын қоймалар орналасатын болады. Мұның барлығы өнімді жеткізу уақытын қысқартуға, логистика шығынын азайтуға, жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Орталықтың ашылуы 2026 жылдың IV тоқсанына жоспарланған", - деді ҚР Сауда және интеграция министрлігі өкілі. 

Бүгін мәжіліс отырысында қабылданған "Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы аясында бұдан өзге: 

- одақтастық қатынастар орнатуға; 
- Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;
- қауіпсіздіктің жаңа сынақтары мен қауіп-қатеріне қарсы күш-жігер жұмылдыруға;
- екі мемлекеттің әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға;
- экономика, энергетика, инвестиция, агроөнеркәсіп салаларындағы, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық өзара іс-әрекетті күшейтуге ықпал ететін шарттар қарастырылған. 

"Бауырлас елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда парламентаралық байланыстар маңызды  рөл атқаратынын ерекше атап өткім келеді.

Біздің міндетіміз — екі ел президенттерінің уағдаластықтарын орындау үшін берік заңнамалық негіз құру.

Мемлекет басшыларының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Заң шығару палатасы арасында Парламентаралық ынтымақтастық кеңесі құрылды", - деді депутат Айгүл Құспан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу