Қазақстан мен Өзбекстан өзара тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізуге ниетті

199

Былтыр өзара алыс-беріс көлемі 4,4 млрд долларға жеткен.

Қазақстан мен Өзбекстан өзара тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізуге ниетті Фото: Ақорда

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында жоғары мемлекетаралық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Онда қабылданған шешімдердің стратегиялық маңызы өте зор. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Кеңес барысында қазақ-өзбек ынтымақтастығының өзекті мәселелері жөнінде пікір алмастық. Өзара серіктестікті нығайту түсудің тиімді жолдарын айқындадық. Нақты келісімдерге қол жеткіздік. Атап айтқанда, экономикалық байланыстарды күшейтуге келістік. Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азиядағы сауда-саттық бойынша ең ірі серіктестер. Былтыр өзара тауар айналымы 4,4 млрд долларға жетті. Біз бұл көрсеткішті таяу арада 5 млрд, кейін 10 млрд долларға дейін жеткізу мақсатын тағы да атап көрсеттік. Ол үшін алыс-берістегі тауар түрін көбейтуіміз керек. Сондай-ақ экономикалық ықпалдастықты тежейтін кедергілерді жою қажет. Жалпы сауда-саттықтың ауқымын кеңейтуге екі елдің де мүмкіндігі мол. Қазірдің өзінде Өзбекстанға шығаратын экспортты 550 млн долларға арттыра аламыз. Яғни өңделген тауардың тағы 40 түрі бойынша экспорт жасауға мүмкіндік бар", - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзбек елі де Қазақстанға көптеген өнім түрлерін жіберіп отырғанын баса айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу