Қазақстан мен Өзбекстан пандемиямен қалай күресіп жатыр?

952

Денсаулық сақтаудың жаһандық қауіпсіздік рейтингінде Өзбекстан  195 елдің арасында 138-орынды иеленсе, Қазақстанда 143-орынға тұрақтаған.  

Қазақстан мен Өзбекстан пандемиямен қалай күресіп жатыр?

Рейтинг көрші елдің коронавирус пандемиясымен күресуге дайын екенін көрсетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz  finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

2021 жылдың 28 наурызына дейін елімізде 292,3 мың адам COVID-19 вирусына шалдыққан. Наурыз айында коронавирус жұқтырғандар 29,6 мың адамға немесе 5,1%-ға өскен.

Пандемия әлемдегі, оның ішінде Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының осал тұстарын айқын көрсеткен. Әсіресе, қаржыландыру мәселесі өзекті.

2020 жылы Қазақстан денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласының негізгі капиталына 2019 жылмен салыстырғанда 2,2 есе артық инвестиция құйған: 305,1 млрд теңге. Бұл ретте ЖІӨ-ден денсаулық сақтауға салынған инвестицияның үлесі әлі де аз – 0,4%. 
Ал Өзбекстанда ЖІӨ-ден аталған секторға бөлінген күрделі салымдар үлесі – 1%. 

Пандемияға дейін Қазақстанда (2016-2019 жылдар) денсаулық сақтауға бөлінген инвестияның көлемі бір деңгейде болған, ал Өзбекстанда аз болсада өсім байқалған.

Өлім-жітім дерегіне тоқталайық. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында елімізде 162,6 мың қайтыс болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,1%-ға көп. Осы кезеңде Өзбекстанда 175,6 мың адам көз жұмған, жылдық өсім – 15,5%. 

Қазақстандағы өлім-жітім коэффициенті 1000 адамға шаққанда 8,6, Өзбекстанда – 5,1. 

Денсаулық сақтаудың жаһандық қауіпсіздік рейтингісінде Өзбекстан 195 елдің арасында 138-орынды иеленсе, Қазақстан 143-орынды алған. Осылайша, көрші мемлекет елімізбен салыстырғанда пандемиямен күресуге дайын болып шыққан.

Сонымен қатар Қазақстандағы бала туу, өлім-жітім көрсеткіштері де көңіл көншітпейді.

2020 жылы Қазақстанда 425,6 мың сәби дүниеге келген, туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда – 22,4. Осы кезеңде Өзбекстанда 734,1 мың сәби туған, туу коэффициенті – 24,6.

Пандемияға дейін Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы (2019 жылдың мәліметіне сәйкес) 73,2 жас, ал Өзбекстанда 73,6 жас болған.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу