Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру мәселелерін талқылады

563

Өзбекстан — Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда серіктесі. 

Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Асқар Мамин мен Абдулла Арипов Түркістан қаласындағы кездесу барысында екі елдің түрлі салалардағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады, деп хабарлады сенбіде Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі.

Үкімет басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, су-энергетика, көлік-логистикалық, кедендік ынтымақтастық, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация мен өңіраралық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

ҚР мен ӨР арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету жөніндегі практикалық шаралар жоспарын іске асыру, аймақтық тауар өткізу жүйесін, Қазақстан – Өзбекстан шекарасында Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру, шекара маңы өткізу бекеттерін жаңғырту және т. б. мәселелерге ерекше назар аударылды.

Өзбекстан — Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда серіктесі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 21,2%-ға – $4,5 млрд-қа дейін өсті. Тараптар тауар айналымын $10 млрд-қа дейін жеткізуді көздеп отыр.

Үкімет басшылары Түркістан қаласында тоқыма бұйымдарын өндіретін  "Turkistan Textile" қазақстандық-өзбек бірлескен кәсіпорнының ашылу рәсіміне қатысты. Тігін фабрикасы "Turkistan" индустриялық аймағында 2 га аумақта орналасқан.

Инвестиция көлемі – 700 млн теңге. Өндірістің жобалық қуаты – айына 13 мың тоқыма бұйымдары. Кәсіпорын әйелдер үшін, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. А. Мамин А. Ариповты Түркістан қаласының әлеуметтік, спорт, көлік және туристік инфрақұрылымының жаңа нысандарымен – халықаралық әуежай, конгресс-холл, "Ұлы Дала Елі" орталығы, "Түркістан Арена" стадионы, Оқушылар сарайы, "Rixos Turkestan" қонақ үйімен, сондай-ақ "Керуен-сарай" көпфункционалды туристік кешенінің және 5 мың орындық мешіттің салыну барысымен таныстырды.
Үкімет басшылары Қ. А. Яссауи кесенесіне, "Әзірет-Сұлтан" мәдени-тарихи музейіне барып, Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу