Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Әбілхан Қастеев пен Орал Таңсықбаевтың туындыларын тамашалады

280

Президенттер қылқалам шеберінің ерекше қолтаңбасы мен ұлттық бейнелеу өнеріне үлес қосқан шығармашылық мұрасымен танысты.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Әбілхан Қастеев пен Орал Таңсықбаевтың туындыларын тамашалады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейіне барды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мәртебелі меймандарға Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берілді. Музей коллекциясында суретшінің шеберлігі шыңдалған негізгі кезеңдерді айшықтайтын 450-ге жуық туындысы мен графикалық кескіндемесі сақтаулы тұр.

Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары өзбек бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, ұлты қазақ суретшісі Орал Таңсықбаевтың шығармашылығына арналған ретроспективалық көрмені аралап көрді.

Көрмеге И.В. Савицкий атындағы Қарақалпақстан мемлекеттік өнер музейінен, Орал Таңсықбаевтың музей-үйінен, Өзбекстан мемлекеттік өнер музейінен және Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінен 76 жұмыс қойылған.

Алғаш рет Орал Таңсықбаевтың әр кезеңдегі картиналары бір кеңістікте орналастырылды. Бұл жұмыстардың арасында 1920 жылдардың соңы мен 1930 жылдардың басындағы алғашқы туындылардан бастап жылымық дәуірінің үлкен полотноларына дейін бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу