Алматыда Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері бейресми кездесу өткізеді

516

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Алматыда Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері бейресми кездесу өткізеді Фото: Ақорда

Ертең, 29 наурыз күні Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекеттер басшылары келіссөз барысында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібін талқылауды жоспарлап отыр. 

Бұдан бөлек, президенттер қаладағы бірқатар нысанды аралап, жасанды интеллектіге арналған көрмені тамашалайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу