Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

175

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президенттер бір-бірін келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, бауырлас халықтарға бақ-береке тіледі.

Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқыны жоғары екенін атап өтіп, оның Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың деңгейіне толық сай келетінін жеткізді.

Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екендерін растады. Сондай-ақ алдағы уақытқа жоспарланған кездесулер кестесін талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу