Қазақстан мен Өзбекстан шекараны шегендеу туралы қорытынды құжат жобасын дайындады

710

14-19 қараша аралығында Ташкент қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтік делегацияларының 100-ші отырысы өтті.

Қазақстан мен Өзбекстан шекараны шегендеу туралы қорытынды құжат жобасын дайындады

Бұл туралы inbusiness.kz сайты ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Тараптар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарттың жобасын және аталған Шартқа қосымша болып табылатын шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын қол қоюға дайындады. Сонымен қатар тараптар Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының жұмысы туралы қорытынды хаттамаға қол қойды. Келіссөздер достық пен өзара түсіністік сипатында өтті", – делінген мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу