Қазақстан мен Өзбекстан шекарасынан энергия ресурстарын өткізуге бақылау күшейеді

481

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар тиісті құжатты жұмысқа алды.

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасынан энергия ресурстарын өткізуге бақылау күшейеді Фото: inbusiness.kz

Қазақ-өзбек шекарасынан энергия ресурстарын өткізуге бақылау күшейтіледі, деп жазады inbusiness.kz.

Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу бойынша хаттаманы ратификациялау туралы құжатты жұмысқа қабылдады.

Заң жобасын таныстырған ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, келісімнің мақсаты – екі елдің кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін энергия ресурстарына бірлескен кедендік бақылауды ұйымдастыру. 
 
Құжатқа сәйкес, енді Қазақстан мен Өзбекстан тәжірибемен және кеден саласындағы ұлттық заңнаманы бұзу фактілері туралы ақпаратпен алмаса алады. 

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік, экономикалық не құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу