Көліктер мемлекеттік шекараның Қазақстан аумағында "Тәжен" өткізу пунктінде жиналып қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ведомство хабарламасына сәйкес, кептеліске Өзбекстан Республикасындағы "Дәуіт-Ата – Қоңырат" (400 км) тасжолының ашылуы себеп болған. Соның салдарынан жүк көліктеріне ұзын-сонар кезек күтуге тура келген.
Сонымен қатар қазір "Тәжен" өткізу бекетінде өткізу пунктін жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру аясында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.
"Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік шекара арқылы өтуде ұзақ күтуді болдырмау мақсатында жүктерді тасымалдаудың баламалы бағыттарын таңдауды немесе жүктерді жеткізуге көбірек уақыт бөлуді ұсынады", – деген үндеу жасалды хабарламада.
Ведомство өкілдері кедендік операцияларды жеделдетуге бағытталған қосымша шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.